15.10.2026, 16:40

СҚО-да бес көлік соқтығысып, 3 адам қаза тапты

Фото: depositphotos.com

Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысында екі жүк көлігі мен үш жеңіл көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты. Тағы екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жол апаты бүгін, 15 қазанда сағат 08:00-де Астана – Петропавл тасжолында, Кременчуг ауылы маңында болған. Екі КамАЗ бен үш жеңіл автокөлік соқтығысқан.

«Апат салдарынан Audi автокөлігінің үш жолаушысы алған жарақаттарынан көз жұмды. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізіліп, оларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Қалған көліктердің жүргізушілері зардап шеккен жоқ», – делінген хабарламада.

Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Апаттың себептері мен мән-жайын анықтау үшін сараптамалар тағайындалды.

Тегтер: СҚО жол апаты