$ 454.14 € 509.23 ₽ 5.41

«Біреу құлағанша күтпек пе?»: Таразда аялдама маңындағы ашық құдық тұрғындарды алаңдатты

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Таразда аялдама маңындағы қақпағы ашық кәріз құдығы тұрғындардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп тұр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада жол жиегіндегі терең құдықтың ашық жатқаны көрінеді. Видео авторының айтуынша, қауіпті орын «Достар» сауда орталығының жанында орналасқан. Тұрғын сол маңнан өтіп бара жатып, құдыққа құлап кете жаздағанын жеткізді.

Ол әсіресе балалар мен қарттардың абайсызда құдыққа түсіп кетуі мүмкін екенін айтып, жауапты мекемелерден мәселені шұғыл шешуді сұрады. Әзірге құдықтың не себепті ашық жатқаны және оны қашан жабатыны белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0