$ 454.14 € 509.23 ₽ 5.41

Артынан аңдып, бөксесінен ұстаған: Астана бойжеткенге ерсі әрекет жасаған ер адам ұсталды

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Астанада көшеде кетіп бар жатқан бейтаныс бойжеткеннің ізінен қуып, бөксесінен ұрып кеткен ер адамның кім екені анықталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның арсыз ісі туралы қыз баладан арыз түскен.

«Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері 27 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Алдын ала анықталғандай, ол көшеде қыздың соңынан аңдып, ғимаратқа кіреберісте оған қатысты әдепсіз әрекеттер жасаған. Ер адам уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Оған қатысты әкімшілік іс жүріп жатыр. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды», – делінген ПД хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0