$ 454.14 € 509.23 ₽ 5.41

Есірткімен ұсталған әнші NAVAI: Ресей Қазақстанға ресми нота жіберді

Ресей тарапы қамауға алынған азаматтың жағдайы туралы ақпарат сұраған.

Фото: instagram.com/Navaib
Фото: instagram.com/Navaib

Жамбыл облысында есірткі табылуына байланысты ұсталған ресейлік әнші NAVAI-ға қатысты Ресей Қазақстанға ресми нота жолдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ресей тарапы қамауға алынған азаматтың жағдайы туралы ақпарат сұраған.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Ресейден ұсталған азаматтары туралы мәлімет беріп, олардың қай жерде екенін хабарлау жөнінде өтініш түскен. Ведомство мұндай сұраулар консулдық қызмет аясында жиі жасалатынын атап өтті.

СІМ тиісті сауалды Қазақстанның құқық қорғау органдарына жолдайтынын хабарлады.

Еске салайық, NAVAI лақап атымен танымал ресейлік әнші Наваи Бакиров 13 қазанда Жамбыл облысындағы «Қордай» өткізу бекетінде ұсталған. Оған тиесілі көліктен есірткі табылғаны хабарланды.

Бұған дейін Қордай аудандық соты әншіні екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0