16.10.2026, 17:00

БҚО-да мотоцикл жүргізушісі апатқа ұшырап, көз жұмды

Фото: Pixabay

Жүргізуші алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.

Батыс Қазақстан облысында Чапаев – Жаңақала – Сайхин тасжолында мотоцикл жүргізушісі жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, SONLINK маркалы мотоциклді тізгіндеген азамат арнайы қорғаныш шлемін кимей, Жаңақала ауданына қарасты Маштексай ауылына бағыт алған. Алайда жол үстінде рульге ие бола алмай, апатқа ұшыраған.

Жүргізуші алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.

Қазіргі уақытта аталған жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті агенттік тілшісіне хабарлаған.