16.10.2026, 16:40

Астанада автобус жүргізушісі телефонға алаңдап, әйелді қағып өлтірді

Фото: Ашық дереккөз

Айта кетейік, қайғылы оқиға 2024 жылдың тамыз айында Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында болған.  

Астанада автобус жүргізушісі телефонын шұқылап отырып, жолаушылар өткелінен өтіп бара жатқан әйелді абайсызда қағып өлтірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ауыр соққыдан жарақат алған әйел адам ауруханада қайтыс болды. Сотта автобус жүргізушісінің кінәсі толықтай дәлелденді.

«Сот үкімімен оған 2 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді», – делінген прокуратура хабарламасында.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 2024 жылдың тамыз айында Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында болған. 

Тегтер: автобус