$ 452.12 € 508.95 ₽ 5.41

65 жастағы оралдық қария Меккеге велосипедпен барып келді

Орал тұрғыны велосипедпен 6 700 шақырым жол жүріп өткен.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Оралдық 65 жастағы ер адам көптен бергі арманын орындау үшін велосипедпен Меккеге барып қайтты. Жәрдем Атауов төрт айға жуық уақытын жолда өткізген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

65 жастағы саяхатшы Жәрдем Атауов осындай ұзақ сапарды еңсерген. Орал тұрғыны велосипедпен 6 700 шақырым жол жүріп өткен.

Белгілі болғандай, қажылыққа бару оның көптен бергі арманы болған. Алайда ұзақ сапарға аттанбас бұрын Жәрдем Атауов толық медициналық тексеруден өтіп, бірнеше ай бойы тыңғылықты жаттыққан.

Ол велосипедпен сапарға шыққан әр күнін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап отырған. Ал туған жеріне оралған күні оны туыстары мен достары салтанатты түрде қарсы алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0