18.10.2026, 07:30

Жексенбіде еліміздің қай өңірлерінде қолайсыз ауа райы күтіледі?

Фото: күн

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 2026 жылғы 18 қазанда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында 1-6 градус үсік күтіледі. Қонаев қ.: түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында аздаған жаңбыр, күндіз найзағай. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Астана қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысында тұман күтіледі.

Жетісу облысында 2-7 градус үсік күтіледі. Талдықорған қ.: түнде 5-7 градус үсік күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі. Түркістан қ.: солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Көкшетау қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.