19.10.2026, 08:50

Қарағандыда жылу құбыры жарылып, пәтерлерді су басты: тұрғындар әкімдіктен жауап талап етті

Фото: Видео скриншот

Тұрғын үйдің инженерлік желілерінің жағдайын кім бақылауы керек және мұндай апаттарға кім жауап береді деген мәселе көтерді.

 

Қарағанды қаласындағы Лобода көшесінде тұрғын үйдің шатырындағы жылу құбыры жарылып, кіреберіс пен пәтерлерді су басқан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы әлеуметтік желіде жазған тұрғын Юлия Решетко апат салдарынан пәтерлерге зиян келгенін айтып, қала билігіне шағымданды. Оның сөзінше, биыл аталған үйдің тұрғындары электр кабеліндегі ақауға байланысты төрт күн жарықсыз отырған, ал қазірге дейін уақытша кабель пайдаланылып келеді.

Тұрғын үйдің инженерлік желілерінің жағдайын кім бақылауы керек және мұндай апаттарға кім жауап береді деген мәселе көтерді. Ол көпқабатты үйлердегі қауіпсіздік мәселесін тек пәтер иелері мен мүлік иелері бірлестіктерінің мойнына арта салмай, тиісті мекемелердің жүйелі тексеру жүргізуін талап етті.

Сондай-ақ Қарағанды қаласы мен облысының әкімдіктеріне жүгініп, зардап шеккен тұрғындарға қандай көмек көрсетілетінін сұрады.