19.10.2026, 09:40

Астанада тұрғындардың қарсылығына қарамастан құрылыс жүріп жатыр: рұқсат құжаты бар ма?

Фото: Видео скриншот

Жергілікті тұрғындар құрылыс жұмыстарының заңдылығын тексеруді және тиісті шара қабылдауды сұрап отыр. 

 

Астананың Байқоңыр ауданында тұрғындар үйлерінің ауласында жүргізіліп жатқан құрылысқа шағымданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Олардың айтуынша, бірнеше рет арызданғанына қарамастан, құрылыс жұмыстары әлі тоқтамаған. Тұрғындар нысанның бекітілген жобасы мен құрылыс жүргізуге рұқсат құжаты жоқ екенін алға тартады. Желіде тараған видеодан ауыр техниканың құрылыс алаңынан Тараз көшесінің жол бөлігіне шығып жатқанын көруге болады.

Жергілікті тұрғындар құрылыс жұмыстарының заңдылығын тексеруді және тиісті шара қабылдауды сұрап отыр.

Әзірге жауапты мекемелердің бұл жағдайға қатысты ресми түсініктемесі жарияланған жоқ. 

Тегтер: құрылыс