19.10.2026, 09:50

«Жол қашан жөнделеді?»: Атбасарда жылу құбырын тартқаннан кейін көше батпаққа айналған

Фото: Видео скриншот

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан жолдың ойылып, топырақтың лайсаңға айналғанын көруге болады. 

Ақмола облысының Атбасар қаласында тұрғындар Интернациональная көшесінің жағдайына шағымданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Олардың айтуынша, жылу құбыры тартылғаннан кейін жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмеген. Соның салдарынан жаңбыр жауған сайын көше батпаққа айналып, тұрғындардың жүріп-тұруы қиындаған.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан жолдың ойылып, топырақтың лайсаңға айналғанын көруге болады.

Жергілікті тұрғындар құрғақ уәдеден шаршағанын айтып, жауапты мекемелерден жолды қашан жөндейтінін сұрап отыр. Әзірге жолдың нақты қашан қалпына келтірілетіні белгісіз.