19.10.2026, 17:45

Астанада екі жылға жетпеген асфальтты қайта ауыстырып жатыр: тұрғындар наразы

Фото: Видеодан алынған кадр

Астанадағы №109 мектептің жанында асфальтты қайта ауыстырып жатқаны тұрғынның наразылығын тудырды.

Астанадағы №109 мектептің жанында асфальтты қайта ауыстырып жатқаны тұрғынның наразылығын тудырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оның айтуынша, Е509/9 көшесіндегі жол жабыны төселгеніне екі жыл да болмаған. Соған қарамастан, мектеп алдындағы асфальт қайта жаңартылып жатыр.

Тұрғын әлі тозып үлгермеген жолды ауыстыруға бюджеттен қаржы бөлудің қаншалықты орынды екенін сұрады.

Ол аудан әкімдігін қаржының мақсатсыз жұмсалуына жол берді деп күмәнданып, жауапты мекемелерден тексеру жүргізуді талап етті.

Әзірге асфальттың қандай себеппен ауыстырылып жатқаны және жұмысқа қанша қаражат бөлінгені туралы ресми ақпарат жоқ.

Видео: @zhaloby__astana

Тегтер: жолдар Астана