19.10.2026, 20:30

Бала үшін отбасын сақтап қалу деген - қиял: Дана Нұржігіт жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

Журналист Дана Нұржігіт бала үшін отбасы сақтаудың қиял екенін, ол баланың өзіне қиын болатынын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты.

”Жалпы, бала үшін отбасын сақтап қалу деген — қиял. Балаға да ауыр, егер ата-ана бір-бірін шынайы сүймесе, бір-біріне суық болса. Ол суықтықты бала сезеді. Ол суықтықтың лебі балаға тимей қоймайды. Мен ондай өтірікте баламды өсіргім келмейді”, — деді журналист.

Сондай-ақ, басқа ұлтқа тұрмысқа шыққаны үшін өзін сынайтын жандардың әлі де барын айтты.

”Бұл жайлы әлі де айтады. “Мен осы кісінің басқа ұлтқа шыққанын көрдім де жек көріп кеттім” деген, өте дөрекі нұсқалар да болды. Бір кездері маған қатты жазған адамды сотқа бермекші болғанмын. Қазіргідей хейт жазып, сол үшін қылмыстық жауапкершілік жоқ кезде де полицияға барғанмын. Түнде өте ауыр сөздер жазғандар болды. Ондай сөзді айтудың өзі ұят. “Біреудің артынан шыққан” деген сөзді әлі күнге дейін жазады”, — деді Дана Нұржігіт.