20.10.2026, 18:00

Ресейде бес адам маймыл шешегін жұқтырғаны анықталды

Фото: ТАСС

Роспотребнадзор жағдайды бақылап отыр.

С.П.Боткин атындағы клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқастар ем алып жатыр, олардың жағдайы тұрақты, орташа және жеңіл деп бағаланып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, өткен аптада Санкт-Петербургте маймыл шешегіне күдікпен бес адам ауруханаға жатқызылған.

Эпидемияға қарсы шаралардың толық кешені жүзеге асырылды. Эпидемиологиялық тексеріс барысында байланыста болғандар бақылауда.

Роспотребнадзор жағдайды бақылап отыр.

— Ресей Федерациясында инфекцияны анықтау үшін барлық қажетті шаралар алдын ала және жүйелі түрде жүріп жатыр. Федералды «Санитарлық қалқан» жобасы аясында барлық бақылау пункттерінде санитарлық-карантиндік мониторинг орнатылған, — деп мәлімдеді ведомтсво.

Роспотребнадзор сонымен қатар Ресейде маймыл шешегіне арналған заманауи, жоғары технологиялық диагностикалық тест жүйелерінің жеткілікті саны бар екенін хабарлады, олар вирусты, оның ішінде оның жаңа генетикалық нұсқаларын тиімді анықтай алады.

Агенттік маймыл шешегінің жеңіл түрлері әдетте ұзақ емделуді қажет етпейтінін және екі-үш апта ішінде өздігінен жазылатынын түсіндірді.

— Аурудың жеңіл түрлері әдетте 14-тен 21 күнге дейін созылып, науқас өздігінен жазылады, — делінген мәлімдемеде.

Бұл ақпаратты Kazinform-ға серіктес агенттік ТАСС ұсынды.

Маймыл шешегін жұқтырған адамда қызба, интоксикация және лимфа түйіндерінің ісінуі байқалады, содан кейін бөртпе шығады. Бастапқыда науқас терісінде дақтар пайда болады, олар көпіршіктерге айналады. Жарылғаннан кейін жараға айналып, оның беті қатқылданып, жазылады.

ДДҰ мәліметтері бойынша, 2022 жылдан 2026 жылдың қыркүйегіне дейін бүкіл әлемде маймыл шешегін жұқтырудың 193 000-нан астам жағдайы тіркелген.