20.10.2026, 17:20

Алматы облысында оқушы қызды көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Оқиға Қарасай ауданына қарасты Жамбыл ауылында болған.

Алматы облысында жол талғамайтын көлік оқушы қызды қағып кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Алматы облысында Toyota Land Cruiser 200 көлігі жолдан өтіп бара жатқан оқушы қызды қағып кетті. Жол апатының бейнежазбасы желіде жарияланды.

Оқиға Қарасай ауданына қарасты Жамбыл ауылында болған.

Арна мәліметінше, жол апатынан қыз ауыр жарақат алған. Баланың бауыры жыртылып, ауылдық ауруханада оған шұғыл ота жасалған.