Алайда бұл аумақта көлік қоятын орындардың жеткіліктілігі мен айналадағы жолдардың өткізу мүмкіндігіне қатысты сұрақтар туындап отыр.
Өскемен қаласының орталығында жаңадан салынған тұрғын үйлер көлік кептелісін күшейтуі мүмкін. Бейбітшілік және Қасым Қайсенов көшелерінің қиылысында «Золотой квадрат» тұрғын үй кешені мен «Тұмар» компаниясының бірнеше нысаны бой көтерген.
Алайда бұл аумақта көлік қоятын орындардың жеткіліктілігі мен айналадағы жолдардың өткізу мүмкіндігіне қатысты сұрақтар туындап отыр. Үйлер толық қоныстанғаннан кейін жүздеген көлік аулаға сыймай, таңертең және кешке көшелерде кептеліс пайда болуы мүмкін.
Мәселемен танысқан Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов пәтерлер мен автотұрақ орындарының санын, сондай-ақ жолдарға түсетін жүктемені анықтауды тапсырды.
Енді жауапты мекемелер мен полицияның қатысуымен арнайы жиын өтпек, бірақ тұрғын үйлер салынып біткенше көлік мәселесі неге ескерілмегені әзірге белгісіз.