Бұл туралы ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік апталығында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты.
Еліміз Қытай, Түркия, Үндістан және Ресеймен әуе қатынасын кеңейтпек. Сондай-ақ Еуропаға жаңа бағыттар ашу жоспарланған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік апталығында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты.
Оның сөзінше, алдағы жылдары елдегі халықаралық әуе бағыттарының санын 160-қа дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Үндістан — елімізге жақын орналасқан, әрі қарқынды дамып келе жатқан ірі нарықтардың бірі. Қазақстан осы елдің 10 қаласына тікелей рейс ашуды көздейді.
Қытайға қатынайтын рейстер санын да 30-ға жеткізу жоспарланып отыр.
— Ал Түркиямен және Ресеймен әуе қатынасын кеңейту транзиттік тасымалды дамытуға мүмкіндік береді. Ресеймен әуе қатынасын дамытуға арналған «500+» бағдарламасы бар. Ол негізінен халқы 500 мыңнан асатын шекаралас қалалармен тікелей әуе қатынасын орнатуға бағытталған. Бұл бағыттар бойынша нақты жоспарларымыз бар, — деді Талғат Ластаев.
Мұнан бөлек, Еуропа елдеріне де жаңа әуе бағыттарын ашылады.
— Бұл жұмыс кезең-кезеңімен жүзеге асады. Қазақстан жыл сайын бірнеше жаңа рейс іске қосуды жоспарлап отыр, — деді ол.