20.10.2026, 16:25

Қазақмыс қауіпсіздікке деген көзқарасын өзгертті

Фото: Қазақмыс

Форумға Қазақмыс басшылары, кеніш директорлары, шахта учаскелерінің басшылары, энергетиктер, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандарын қоса алғанда, 48 адам қатысуда. Жұмыс әрқайсысында 24 қатысушыдан болатын екі топқа бөлініп ұйымдастырылған.

Ғ. О. Омаров атындағы шахтопроходкалау тресінде өндірістік қауіпсіздікке арналған екі күндік форум басталды. Оның басты мақсаты – басшылар мен өндіріс мамандарын қолданыстағы тәуекелдердің себебін анықтауға және оларды жою бойынша нақты шара әзірлеуге жұмылдыру, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Форумға Қазақмыс басшылары, кеніш директорлары, шахта учаскелерінің басшылары, энергетиктер, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандарын қоса алғанда, 48 адам қатысуда. Жұмыс әрқайсысында 24 қатысушыдан болатын екі топқа бөлініп ұйымдастырылған.

Форумның басты ерекшелігі – басшылық пен өндірістік үдеріске тікелей жауапты мамандар арасындағы ашық диалог. Қатысушылар жұмыс орындарындағы нақты ахуалды қарастырып, қауіпті жағдайдың туындауына әсер ететін техникалық және ұйымдастырушылық себепті талдайды, сондай-ақ қажетті өзгерістерді талқылайды.

2026 жылдың тоғыз айында шахтопроходкалау тресінде өндірістік жарақаттану өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36%-ға төмендеді. Дегенмен, форумға қатысушылар оң динамикаға қарамастан, тәуекелдерді үнемі анықтап, жою қажеттілігі өзекті болып қала беретінін атап өтті.

Бағдарламаның практикалық бөлімі топтық жұмыс, өндірістік оқиғаларды талдау және интерактивті тапсырмаларды қамтиды. Қауіпті жағдайды дер кезінде тануға, тәуекелдерді бағалауға және жазатайым оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік беретін шешім қабылдауға ерекше назар аударылады.

Талқылау қорытындысы бойынша еңбек қауіпсіздігін арттыруға бағытталған нақты шаралар тізбесін әзірлеу жоспарлануда. Негізгі басымдық – қауіпті жағдайдың салдарымен ғана күресіп қоймай, олардың туындау себебін жою.

Еске сала кетейік, 2026 жыл «Қазақмыс» корпорациясында Қауіпсіздік жылы болып жарияланды. Жыл бойы компания өндірістік тәуекелдердің алдын алу, еңбек жағдайын жақсарту және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамыту бағытындағы жұмысты күшейтіп келеді.

Шахтопроходкалау тресі базасында өткізілген форумның тәжірибесін Топтың басқа да кәсіпорындарына тарату жоспарлануда. Бұл бастама қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешу үдерісіне басшылар мен өндіріс мамандарының жұмылуына мүмкіндік береді.