21.10.2026, 11:00

Көкшетауда жол апатынан кейін әйел көліктің ішінде қысылып қалған (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Жол-көлік оқиғасы Көкшетау қаласындағы саяжай алқабының маңында болған.

Көкшетау – Атбасар тасжолында екі жеңіл көлік соқтығысып, 1990 жылы туған әйел көлік ішінде қалып қойған. Құтқарушылар оны арнайы құралдардың көмегімен босатып, медицина қызметкерлеріне тапсырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

ТЖМ мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Көкшетау қаласындағы саяжай алқабының маңында болған.

Оқиға орнына жедел жеткен төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары авариялық-құтқару құралдарын пайдаланып, көліктің есігін ашқан. Осыдан кейін олар көлік ішінде қысылып қалған әйелді босатып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

ТЖМ өкілдері жүргізушілер мен жолаушыларды жолда сақ болуға шақырды. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.