Әзірге FlyArystan әуекомпаниясы оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.
FlyArystan әуекомпаниясының ұшағы Семейге жетпей, Алматыға қайта оралды. Оқиға туралы журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Журналистің айтуынша, ұшақ Семейге жетуге шамамен 40 минут қалғанда техникалық себептерге байланысты Алматы әуежайына қайта қонған. Салдарынан борттағы 150 жолаушы әуежайға қайта оралуға мәжбүр болған.
Руслан Өтепбай бастапқыда рейс уақытында ұшып, сапар жоспар бойынша өтіп жатқанын айтқан. Алайда діттеген жеріне жетуге аз уақыт қалғанда күтпеген жағдай туындаған.
Журналистің сөзінше, ұшақ үш жарым сағаттан кейін қайта ұшып, ол Семейге жалпы он сағатта жеткен.
Әзірге FlyArystan әуекомпаниясы оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.