21.10.2026, 15:20

Ақтөбе облысында шахтада 24 жастағы жұмысшы қаза тапты

Фото: Aikyn.kz

Тау жыныстары опырылып, 24 жастағы жұмысшының өмірін қиды. 

Ақтөбе облысындағы Дон тау-кен байыту комбинатының шахтасында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тау жыныстары опырылып, 24 жастағы жұмысшының өмірін қиды.

«Қазхром» компаниясының мәліметінше, қайғылы жағдай 20 қазанда болған. 2002 жылы туған кенші шахтада қорғаныш бекітпесін орнату жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде кен массасы опырылған. Жас жұмысшыны құтқару мүмкін болмады.

Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланған. Қазіргі уақытта мамандар қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.