Оқиға 22 қазанда болған.
Алматыдағы Esentai City тұрғын үй кешенінде жарылыс болып, екі бала жеңіл жарақат алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға ғимараттың жертөлесіндегі газдың шығуы себеп болуы мүмкін.
Оқиға 22 қазанда болған. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видеолар тарады. Кадрлардан сынған әйнектерді, шашылып жатқан заттар мен пәтерлердегі зақымдарды көруге болады.
Куәгерлердің айтуынша, жарылыс салдарынан үш пәтерге зақым келген. Алдын ала ақпарат бойынша, екі бала жеңіл жарақат алған.
Оқиғаның нақты себебі әзірге толық анықталған жоқ. Алдын ала болжам бойынша, газ жертөледен шыққан болуы мүмкін.
Осы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін екені айтылды. Алайда істің қозғалғаны туралы ресми ақпарат әзірге нақтыланбаған.
Құзырлы органдардан оқиғаның мән-жайы мен келтірілген шығын көлеміне қатысты ресми түсініктеме күтіледі.