Ашынған жұртшылық облыс әкімдігінен бұл бассыздыққа тез арада араласып, шара қолдануды талап етуде.
Қарағанды облысындағы Новодолинский кентінде жаңа ауызсу құбырын тарту жұмыстары үлкен жанжалға ұласты.
Жергілікті водоканал қызметкерлері құбырлардың орналасу картасын қате беріп, мердігер ұйым кәріз жүйесін тесіп алған. Салдарынан жылдар бойы тазаланбаған құдықтардағы лас су сыртқа лықсып, көшелер мен тұрғын үйлердің түбіне дейін жайылып жатыр.
Жауапты мекеме өкілдері нәжіс суын сорып тазалаудан ашық түрде бас тартқан. Қазған орға толған нәжісті экскаватор шөмішімен сыртқа, тура халықтың үйінің маңына төгіп жатыр.
Ашынған жұртшылық облыс әкімдігінен бұл бассыздыққа тез арада араласып, шара қолдануды талап етуде.
Дереккөз: @shk_kz