Алдағы демалыс күндері Қазақстанның бірнеше өңірінде қар жауады. Синоптиктер Қазақстанның қай аймақтарында күн күрт суытатынын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Мамандардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстік-шығыс бөлігінде, 24 қазанда шығыс аймағында, сол сияқты 24 және 26 қазан күндері Қарағанды облысында қар жауады.
Ал Маңғыстау облысында аздаған жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды, бұған қоса, шаңды дауыл соғуы да мүмкін.
«24 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында қалың қар жауып, боран соғады деп болжанып отыр. Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және Ұлытау облысында жаңбыр жаумайды. Ал республика бойынша тұман түседі. Елдің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында көктайғақ болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде 1-8 градус аяз күтіледі», – делінген «Қазгидромет» болжамында.
Ауа температурасы: