$ 447.94 € 502.32 ₽ 5.52

Шығын 25,4 млн теңге: Ақмола облысында әкесі мен ұлы 77 жылқы ұрлады деген күдікке ілінді

Қазір екі күдікті де қамауға алынды.  

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Ақмола облысында мал ұрлады деген күдікпен Степногорск қаласының екі тұрғыны — әкесі мен баласы ұсталды. Шығын көлемі – 25,4 миллион теңге, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ерейментау ауданында еркін жайылымда жүрген 77 жылқының жоғалғаны туралы арыз полицияға мамыр айында түскен. Бірнеше ай бойы жедел уәкілдер бұрын сотталған адамдарды тексеріп, ет базарлары мен мал сатылуы мүмкін орындарды бақылаған.

Іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілердің ізіне түскен. Тергеу нұсқасы бойынша, көктемде әкесі мен баласы жылқы табынын Ерейментау ауданынан Степногорск қаласына айдап әкелген. Кейін малды қала сыртындағы қораларға қамап, біртіндеп сата бастаған.

Полиция тергеу барысында аман қалған 40-тан астам жылқыны тауып, заңды иесіне қайтарды.

Қазір екі күдікті де қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0