Осы дерек бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Астана – Атбасар – Жақсы тасжолының 163-шақырымында адам өліміне әкелген жол апаты болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
23 қазанда Астана – Атбасар – Жақсы автожолының 163-шақырымында Chery Arrizo 8 көлігін тізгіндеген жүргізуші жолдың жүру бөлігінде жарық шағылыстыратын кеудеше кимей жүрген жол ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті.
Полицияның мәліметінше, жол апатынан жаяу жүргіншілердің бірі оқиға орнында көз жұмды, тағы екеуі медициналық мекемеге жеткізілді.
Осы дерек бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.