25.10.2026, 13:10

Нұрасыл Медеу NVIDIA басшысымен кездесіп, TengriAI жобасын таныстырды

Фото: nurassylmedeu/instagram

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қазақ ұлттық спорт университетінің негізін қалаушы Нұрасыл Медеу NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Дженсен Хуангпен кездескенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Нұрасыл Медеудің айтуынша, кездесу барысында Астанада TengriAI жобасы таныстырылып, Қазақстанда жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту жоспарлары талқыланған.

Жоба Қазақстанның энергетикалық әлеуетін пайдаланып, жаһандық жасанды интеллект нарығына қажетті есептеу қуатын қалыптастыруды көздейді.

«Жасанды интеллект дәуірінің қалыптасуына зор үлес қосқан тұлғамен өз идеямызды бөлісіп, саланың болашағы туралы пікірін тыңдау біз үшін ерекше әсерлі болды», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Нұрасыл Медеу жасанды интеллект саласында әр елдің өз мүмкіндіктерін дамытуы маңызды екенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл бағытта технологиямен қатар мықты инфрақұрылым, сапалы білім және білікті мамандар қажет.

Ол командасымен бірге осы мақсатқа қарай қадам басып келе жатқанын жеткізді.