25.10.2026, 16:30

Қарағанды ​​облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты

Фото: видеодан скриншот

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.

Қарағанды ​​облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.

Облыстық полиция департаменті оқиғаның егжей-тегжейін жариялады.

"24 қазанда Қарағанды ​​облысының Шет ауданында SHACMAN жүк көлігі бақыланбайтын теміржол өткелінде жолаушылар пойызымен соқтығысты. Алдын ала мәліметтер бойынша, 53 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі теміржол өткелінде қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбестен, пойызбен соқтығысты", - делінген хабарламада.