Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнгі уақытта елдің барлық дерлік өңірінде ауа температурасы нөлден төмендейді. Ал күндіз ауа біртіндеп:
солтүстік пен шығыста – +5…+10 градусқа дейін;
батыста – +15…+20 градусқа дейін;
республиканың оңтүстігінде – +12…+17 градусқа дейін жылынады.