Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасын тексеру жүйелі заң бұзушылықтар мен 1 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.
Түркістан облысының прокуратурасы ауыл шаруашылығы саласындағы субсидияларды заңсыз алу деректерін анықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасын тексеру жүйелі заң бұзушылықтар мен 1 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.
Прокуратура мәліметінше, Сайрам ауданындағы шаруа қожалықтары жалған мәліметтер мен құжаттарды ұсыну арқылы өндірілген сүт көлемін нақты көрсеткіштен 8 есе артық көрсеткен.
Аталған фактілер бойынша аса ірі мөлшердегі алаяқтыққа қатысты екі қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру облыстың арнайы прокурорларына тапсырылды.
Қазіргі уақытта төрт күдіктіге қатысты бір қылмыстық іс аяқталған. Оның аясында бюджетке 40 млн теңге қайтарылып, құны 100 млн теңгеден асатын күдіктілердің мүлкіне тыйым салынған.
Екінші қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.