28.10.2026, 23:30

Павлодарда сепаратистік сипаттағы видео жариялаған әйел ұсталды

Фото: Видеодан алынған кадр

Сондай-ақ, ведомство күдіктінің бұған дейін есірткі заттарын өткізгені үшін сотталғанын хабарлап отыр.

Бұған дейін Қазақстанға әскер кіргізуге шақырған Екібастұз тұрғынының бейнежазбасы қоғамда үлкен резонанс тудырғанын жазған едік, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Осылайша, Павлодарда "сепаратистік сипаттағы видео жариялады" деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде ол қазақ халқына тіл тигізіп, Қазақстанның аумақтық тұтастығына қатысты пікір айтқан видеосы кеңінен тараған болатын.

ҰҚК мәліметінше, күдіктіні ұстау операциясы 28 қазанда прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдерінің хабарлауынша, азаматша жедел анықталып, Павлодар қаласында ұсталды.

«ҰҚК органдары прокуратураның үйлестіруімен Павлодар қаласында сепаратистік сипаттағы видео жариялады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Тиісті сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұған дейін ол есірткі заттарын өткізгені үшін сотталған. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп хабарлады ҰҚК өкілдері.