$ 453.71 € 505.8 ₽ 5.63

Көкшетауда тағы бір сот қызметкерінің мәйіті табылды

Оның денесі 30 қазанда тұрғын үйдің жертөлесінен асылып тұрған күйде анықталған.

Фото: Егемен Қазақстан
Фото: Егемен Қазақстан

Көкшетауда Ақмола облыстық сотының ішкі қауіпсіздік бөлімінде қызмет еткен 33 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның денесі 30 қазанда тұрғын үйдің жертөлесінен асылып тұрған күйде анықталған.

Полицияның алдын ала мәліметінше, ер адам өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, мәйіті табылған қызметкер осыдан шамамен бір жарым ай бұрын Көкшетау қалалық соты әкімшілігінің басшысы Аян Дүйсековтің денесін алғашқылардың бірі болып анықтаған.

Еске салайық, бұған дейін Аян Дүйсековтің туыстары оның жұмыс орнында қысымға ұшырауы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Осы оқиғадан кейін «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0