02.11.2026, 21:30

Елге жаңа Airbus A400M әскери ұшағы жеткізілді

Фото: Қорғаныс министрлігі

Министрлік мәліметінше, екінші A400M ұшағының келуі Қазақстанның әскери-көлік авиациясының мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Испаниядан Алматы қаласына ҚР Қарулы күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне екінші ауыр әскери-көлік Airbus A400M Atlas ұшағы жеткізілді, деп  хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Министрлік мәліметінше, екінші A400M ұшағының келуі Қазақстанның әскери-көлік авиациясының мүмкіндіктерін кеңейтеді.

A400M ұшақтары қорғаныс міндеттерін орындаумен қатар, төтенше жағдайлардың салдарын жою, халықты эвакуациялау және гуманитарлық көмек жеткізу мақсатында да пайдаланылуы мүмкін.

Әскери-көлік авиациясын қолданудың тағы бір маңызды бағыты қазақстандық әскери қызметшілердің халықаралық бітімгерлік миссияларға қатысуын қамтамасыз ету болмақ. Мұндай санаттағы ұшақтардың болуы ұлттық бітімгерлік контингентті өз күшімен тасымалдау мүмкіндігін кеңейтеді.

Жаңа авиациялық техниканы пайдалануға қазақстандық экипаждар мен инженерлік-техникалық персонал дайындалды. Олар Испанияның Севилья қаласындағы Airbus оқу орталығында теориялық және практикалық даярлықтан өтіп, әуе кемелерін басқару, пайдалану және техникалық қызмет көрсету ерекшеліктерін меңгерді.

— Airbus A400M әскери-көлік ұшағы Қазақстан, Түркия, Германия, Малайзия, Индонезия, Франция, Ұлыбритания, Испания, Бельгия және Люксембургпен қоса, он елдің қарулы күштерінде қолданылады. Бұл ұшақ ауыр әскери техниканы алыс қашықтыққа тасымалдаумен қатар, қысқа әрі арнайы жабын төселмеген ұшу-қону жолақтарына да қонуға мүмкіндік береді. Осылайша, Қазақстан Қарулы күштерінің мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.