03.11.2026, 16:20

Семейде 15 жастағы бозбала із-түзсіз жоғалып кетті

Фото: Абай облысы ПД

Аты-жөні – Сейталин Айдар Дамирұлы.

Семейде 15 жастағы бозбала үйінен шығып кетіп, сол қалпы қайтып оралмаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Семей қаласының 44 жастағы тұрғыны 1 қараша күні баласының жоғалып кеткенін айтып, тәртіп сақшыларынан жанұшыра көмек сұраған.

Жоғалып кеткен жасөспірім 2011 жылдың 10 мамыры күні туған. Аты-жөні – Сейталин Айдар Дамирұлы.

Ол 31 қазан күні үйінен шығып кетіп, сол қалпы қайтып оралмаған. Тіпті оның жүрген жері де белгісіз.

«Егер сіз Айдар Сейталиннің жүрген жері жайлы хабардар болсаңыз немесе көрсеңіз, «102» арнасына дереу хабарлауыңызды немесе жақын маңдағы полиция бөліміне жүгінуіңізді өтінеміз», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.