03.11.2026, 11:50

Инфляция 9,2%-ға түсті: Қазақстанда азық-түлік бағасы арзандап жатыр ма?

Фото: Үкімет

ҚР Ұлттық Экономика вице-министрі Азамат Амриннің айтуынша, елде инфляция деңгейін төмендету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның мәліметінше, өткен жылы инфляцияның шарықтау шегі 12,6%-ды құраса, биылғы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша 9,3%-ға дейін төмендеген. Ал 1 қарашадағы дерекке сәйкес, бұл көрсеткіш 9,2%-ды құрады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Вице-министр инфляцияның баяулауына негізінен азық-түлік тауарлары бағасының өзгеруі әсер еткенін атап өтті. Оның сөзінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бағытында тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Атап айтқанда, тамыз, қыркүйек және қазан айларында азық-түлік бағасының айлық көрсеткіші 0,1%-ға төмендеген.

Сонымен қатар, ақылы қызметтер тарифтерін реттеу мәселесі де Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен жоспары аясында қарастырылып жатыр.