03.11.2026, 15:00

Астанадағы екінші әуежайдың құрылысы қашан басталатыны белгілі болды

Фото: Pixabay

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді. 

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылғы 3 қарашада Үкімет отырысында Қазақстанда жақын уақытта жүзеге асырылатын ірі жобалар туралы айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Аталған жобалар Мемлекет басшысының "Қазақстан жаңа тарихи кезеңде: өзекті міндеттер" атты Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына енгізілген.

"Инфрақұрылымды жаңғырту бағыты аясында "Халықтық құрылыс" инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы бекітіледі. Сонымен қатар 2027 жыл жаппай жалпыхалықтық құрылыс жылы болып жарияланады. Негізгі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бөлінеді. Қалалық ортаны жүйелі түрде жаңарту үшін ірі қалалардың ұзақ мерзімді даму перспективаларын ескере отырып, қала құрылысы құжаттары (урбанистика) әзірленіп, олардың цифрлық егіздері жасалады", – деді Серік Жұманғарин.

Жалпыұлттық жоспар аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, тұрғын үй құрылысын жалғастыру, елді мекендерді ауызсумен және газбен қамтамасыз ету де көзделген.

Сондай-ақ көлік-логистика әлеуетін дамыту, атап айтқанда, елдің инфрақұрылымын кеңейту жоспарланып отыр.