$ 453.26 € 506.7 ₽ 5.58

Астана – Петропавл тасжолындағы апаттан зардап шеккен полицей көз жұмды

Данияр Таев апат кезінде ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. 

Фото: Инстаграм
Фото: Инстаграм

Астанада Астана – Петропавл тасжолында жол апатынан ауыр жарақат алған полиция капитаны Данияр Таев қайтыс болды. Ол 3 қарашада қызметтік көлік пен JAC автокөлігі соқтығысқан жол-көлік оқиғасында зардап шеккен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Данияр Таев апат кезінде ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Еске салайық, жол апаты 3 қарашада болған. Алдын ала мәлімет бойынша, JAC көлігінің жүргізушісі жылдамдық пен арақашықтықты сақтамай, полицияның қызметтік көлігімен соқтығысқан. Оқиға кезінде полицейлер арнайы жол техникасын сүйемелдеп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. JAC көлігінің жүргізушісі ұсталды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0