$ 453.26 € 506.7 ₽ 5.58

Алматыда аялдама әйнегі өздігінен қирап, тұрғынның үстіне құлады

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Алматы қаласында қоғамдық көлік аялдамасының әйнегі өздігінен қирап, тұрғынның үстіне құлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқыс оқиға Мақатаев пен Назарбаев көшелерінің қиылысында болған.

Зардап шеккен азаматтың айтуынша, жағдай күндізгі сағат 13:50–13:55 шамасында болған. Кенеттен құлаған әйнек азаматтың өміріне қауіп төндірген. Тек аялдама күркесінің қалың жабындысы ауыр жарақаттан аман алып қалған.

Ең сорақысы, бұл аялдаманы күн сайын қаншама адам пайдаланады. Арасында балалар, қарттар мен жүкті әйелдер де бар. Егер әйнек басқа адамның, әсіресе баланың үстіне құлағанда, соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы әбден мүмкін еді.

Қала көшелеріндегі аялдамалар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Алайда қарапайым әйнектің өзі дұрыс бекітілмесе, қоғамдық орындар халық үшін қауіп көзіне айналмақ.

Осы жағдайға байланысты Алматы қаласының әкімдігі мен аялдамаларға жауапты мекемелерден нақты жауап талап етіледі. Аялдамалардың техникалық жағдайы қашан тексеріледі? Қауіпсіздікке кім жауап береді? Осындай олқылықтың алдын алу үшін қандай шаралар қабылданады?

Халық аялдамада автобус күтіп тұрып, төбесінен әйнек құлай ма деп алаңдамауы керек. Әкімдік тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді кезекті уәдеге айналдырмай, мәселені шұғыл шешуі қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0