Тұрғындар жолды жөндеуді талап етіп, мәселе шешілмесе, жол-көлік оқиғасы болуы мүмкін екенін ескертуде.
Өскемен қаласында №33 автобус қатынайтын жолдың жағдайы тұрғындар мен жүргізушілердің наразылығын туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жолдың шұрық-тесік болуына байланысты автобустар ойдым-ойдым шұңқырлардан өтуге мәжбүр, ал жүргізушілер көліктің астыңғы бөлшектері зақымданып жатқанын айтуда. Салдарынан қоғамдық көліктер істен шығып, жолаушылар да қиындыққа тап болған.
Тұрғындар жолды жөндеуді талап етіп, мәселе шешілмесе, жол-көлік оқиғасы болуы мүмкін екенін ескертуде.
Енді жұртшылық облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен қала әкімі Алмат Ақышовтан осы мәселеге қатысты нақты шара күтеді. Видео: @gde_novosti_uka