$ 447.14 € 499.54 ₽ 5.46

Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді

Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы mb=3.73, энергетикалық класы K=8.55, ал ошағы 11 км тереңдікте болған.

 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстанның ұлттық деректер орталығы кеше кешке Жамбыл облысының аумағында магнитудасы 3,7 болатын жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жер сілкінісі 8 қарашада Астана уақытымен сағат 20:38-де болған.

Эпицентр координаттары – солтүстік ендік бойынша 44,51 градус және шығыс бойлық бойынша 74,44 градус.

Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы mb=3.73, энергетикалық класы K=8.55, ал ошағы 11 км тереңдікте болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0