Алматы қаласындағы «Нұрлы дала» тұрғын үй кешенінің тұрғындары краннан аққан судың сапасына шағымдануда, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Олардың айтуынша, ыстық және суық судың екеуінен де балшық аралас сарғыш су ағып, күнделікті тұрмысқа қолайсыздық туғызған. Тұрғындар мұндай сумен жуынудың өзі қиынға соққанын айтып, мәселенің қашан шешілетінін білмей отыр. Олардың сөзінше, «Теплосети» мен КСК-ға бірнеше рет хабарласқанымен, әзірге мәселе шешілмеген. Жағдайға байланысты жауапты мекемелерден нақты түсініктеме беріліп, судың сапасы тексерілуі тиіс.