Бұл жағдай Бостандық ауданы әкімдігінің коммуналдық жұмыстардың орындалуын бақылауда қаншалықты жауапты екенін де көрсетіп отыр.
Алматы қаласы, Бостандық ауданындағы «Алмагүл» шағынауданында жылу желілерін жөндеу үшін қазылған жолдың орны екі-үш ай өтсе де қалпына келтірілмеген, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Тұрғындардың айтуынша, «Алматы жылу желілері» мекемесі жүргізген жұмыстан кейін асфальт ойылып, көше жолы ойқы-шойқы күйде қалған.
Жергілікті халықтың наразылығына қарамастан, жауапты мекемелер мәселені әлі күнге дейін шешпеген.
Бұл жағдай Бостандық ауданы әкімдігінің коммуналдық жұмыстардың орындалуын бақылауда қаншалықты жауапты екенін де көрсетіп отыр.
Тұрғындар «Алматы жылу желілерінен» де, аудан әкімдігінен де жолды қашан қалпына келтіретінін айтып, нақты жауап беруді талап етуде.
Видео: @a.b.p_kz
https://www.threads.com/share/_pCqYuNRc