Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Райымбек ауылындағы Ақ Жазық көшесінің тұрғындары жол мәселесіне байланысты наразылық білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Абай даңғылын БАҚАД бағытына қарай ұзарту және су құбыры желілерін жаңарту жұмыстары кезінде ауыр техника тұрғындардың өз қаражатына төсеген асфальтын бүлдіріп, көшені батпаққа айналдырған. Қазір жолдың жағдайы нашарлап, оқушылар мектепке жетуде, ал тұрғындар жұмысқа қатынауда қиындық көріп отыр. Жергілікті әкімдік пен жауапты мекемелер мәселені жаңа жылға дейін шешуге уәде бергенімен, көшенің қашан қалпына келтірілетіні әзірге белгісіз. Тұрғындар өз ақшасына салған жолдың бүлінуіне кім жауап беретінін және келтірілген шығынды кім өтейтінін сұрап отыр. Халықтың есебінен төселген асфальтты бүлдірген мекемелерге талап қойып, жолды қалпына келтіруді қадағалау әкімдіктің міндеті емес пе?