$ 444.76 € 495.37 ₽ 5.37

Жезқазған тұрғындары батпаққа батып жүр: әкімдік көшелерді қашан жөндейді?

Жезқазған әкімдігі бұл жағдайға қашан назар аударып, нақты шара қабылдайды? 

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Жезқазған қаласының бірқатар көшелері мен аулаларындағы батпақ пен шұңқыр тұрғындардың күнделікті жүріп-тұруын қиындатып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Әсіресе, жаңбыр мен еріген қар суынан кейін жолдар лайға айналып, жаяу жүргіншілерге де, көлік жүргізушілеріне де қолайсыздық туғызған.

Тұрғындар жұмысқа бару мен үйге қайтудың өзі қиынға соққанын айтып, қала билігінің әрекетсіздігіне наразылық білдіруде.

Жолдардың жағдайы жыл сайын қайталанатын мәселеге айналғанымен, көшелерді ретке келтіру жұмыстары тұрғындардың көңілінен шықпай отыр.

Жезқазған әкімдігі бұл жағдайға қашан назар аударып, нақты шара қабылдайды?

Қала тұрғындары жауапты мекемелерден құр уәде емес, батпаққа айналған көшелерді жөндеуді талап етеді.


Видео: @olga_shalishkina

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0