12.11.2026, 23:30

Атырауда көлік қағып кеткен әйел оқиға орнында қаза тапты

Фото: Pixabay

Салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.

Атырау қаласындағы Водник-3 ықшамауданында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Оқиға салдарынан әйел көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 11 қараша күні сағат 06:30 шамасында болған. Hyundai Tucson автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.

- Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, - деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, көлік тізгінінде Атырау қаласындағы Водник ықшамауданында орналасқан 5546 әскери бөлімінің сарбазы болған.