Қайғылы жағдай болғаннан кейін ғана әрекет етпей, ашық құдықты жабуға кім жауапты?
Ақмола облысы, Степногорск қаласының 9-ықшамауданындағы №5 үйдің маңында кәріз құдығы ашық жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Тұрғындардың айтуынша, әсіресе қараңғы уақытта бұл жерден өту қауіпті, балалар мен ересектер құдыққа құлап кетуі мүмкін.
Жергілікті халық мәселе бойынша әлеуметтік желіде дабыл қағып, «iKomek» қызметіне шағымданған.
Алайда өтініш тіркелгенімен, ашық люктің әлі жабылмағанын тұрғындар айтып отыр.
Степногорск әкімдігі мен жауапты коммуналдық қызметтер халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қашан нақты шара қабылдайды?
Қайғылы жағдай болғаннан кейін ғана әрекет етпей, ашық құдықты жабуға кім жауапты? Видео: @stepnogram