13.11.2026, 10:20

Түркияда S-70 тікұшағы апатқа ұшырап, төрт әскери қызметкер қаза тапты

Фото: DHA

Салдарынан борттағы төрт әскери қызметкер қаза тапты. 

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Малатья провинциясында 12 қарашада S-70 әскери тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Салдарынан борттағы төрт әскери қызметкер қаза тапты. 

— S-70 тікұшағы әзірге белгісіз себеппен Малатья провинциясында апатқа ұшырады. Борттағы төрт әскери қызметкеріміз қаза тапты, – деп хабарлады Түркия Қорғаныс министрлігі.

TRT Haber телеарнасының мәліметінше, апат Түркия Әуе күштері қолбасшылығының базасына жақын жерде болған. Тікұшақ құлағаннан кейін жарылыс тіркелген. Апат болған аумақта тұрғын үйлер жоқ.

S-70 (Sikorsky S-70, Black Hawk) – Түркия армиясының қару-жарағында тұрған көп мақсатты әскери тікұшақ.