$ 443.62 € 492.24 ₽ 5.36

Шымкентте жаңадан төселген жол опырылып, бойжеткен шұңқырға құлап кетті

Ол мұндай жағдайдың қайталануына алаңдаушылық білдірді.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Оқиға қала орталығындағы адам көп жүретін көшелердің бірінде болған. Жәбірленушінің айтуынша, құлау салдарынан аяғы көгеріп, киімі лай болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол мұндай жағдайдың қайталануына алаңдаушылық білдірді.

Тұрғындардың сөзінше, осы аумақта екі апта бұрын жылу құбыры жөнделіп, тротуарға жаңа жабын төселген. Алайда көп ұзамай жолдың бір бөлігі опырылып түскен.

Оқиғаға қатысты «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны түсініктеме берді. Мекеме өкілдерінің мәліметінше, бұған толассыз жауған жаңбыр себеп болған.

Жауын-шашын салдарынан жылу құбыры өтетін аумақтағы тротуар плиталары түсіп қалған. Зақымданған жердің жалпы аумағы 2 шаршы метрді құрайды. Қазір бүлінген бөлікке жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аумақ толық қалпына келтірілді, – делінген мекеме баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта опырылған аумақ қайта жөнделген. Дегенмен тұрғындар жолдың сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0