13.11.2026, 12:00

«Орнын баса алатын жалғыз ғана адам бар»: Трамп Nvidia-ға жаңа басшы ұсынды

Фото: Andrew Harnik/Getty Images

Бейсенбі күні Хуанг Nvidia бас директоры қызметінен кетіп, директорлар кеңесінің құрамынан шықты.

АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық Apple корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы, бұрынғы бас директоры Тим Кукты Nvidia компаниясының басшысы етуді ұсынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат поталы. 

"Табысты еңбек еткен Nvidia-ның бас директоры Дженсен Хуанг отставкаға кеткеннен кейін, оның орнын баса алатын жалғыз ғана адам бар, ол – Apple компаниясындағы Тим Кук. Аңыздың орнын аңыз басады", – деп жазды Трамп Truth Social желісінде. 

Бейсенбі күні Хуанг Nvidia бас директоры қызметінен кетіп, директорлар кеңесінің құрамынан шықты. Бас директордың міндетін компанияның вице-президенті әрі қаржы директоры Колетт Кресс уақытша атқарады. Ол тұрақты басшы тағайындалғанға дейін бұрынғы лауазымдарын да сақтап қалды. Бұған дейін Nvidia компаниясы Хуангпен байланысты ақпараттардан кейін тәуелсіз тергеу басталғанын жариялаған болатын. 

66 жастағы Тим Кук – америкалық топ-менеджер, миллиардер әрі Apple компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы әрі бұрынғы бас директоры.