Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Ақмола облысында 15 жаңа автокөлік тиелген екі автовоз соқтығысып, жол жиегіндегі орға аударылды. Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 13 қарашада Астана – Атбасар – Жақсы тасжолының 131-шақырымында болған. Соқтығысқаннан кейін екі FAW жүк көлігі де жолдан шығып кеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, шетелдік жүргізушілер жаңа автокөліктерді Қорғастан Ресейге тасымалдап бара жатқан. Полицияның хабарлауынша, бірінші автовоздың жүргізушісі көктайғақ салдарынан көлікті басқара алмай қалған.
Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.